25.11.2024, 10:15
Оқылды: 13

Hyundai 42 мыңнан астам көлігін кері қайтарып алады

Hyundai Motor North America компаниясы мыңнан астам көлігін ақауға байланысты кері қайтарып алады. Бұл жайында NBC News жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

IMG_2886

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АҚШ-тың Көлік министрлігінің Ұлттық тас жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі (NHTSA) 2025 жылғы «Hyundai Tucson» және «Hyundai Santa Cruz» көліктері тежегішті баспаған кезде де “тұрақ” жағдайынан ауысу ықтимал трансмиссиясмен жабдықталғанын мәлімдеді. Бұл жайт жолдардағы апатты арттыруы мүмкін.

Осыған орай АҚШ-та 35,5 мыңнан астам «Tucson» мен 6,9 мың “Santa Cruz» көліктері қайтарылады. Өйткені, NHTSA бағалауына қарағанда, аталған көліктердің шамамен 1 пайызында ақау бар.

Аталған көлік маркаларының иелеріне 2025 жылдың 19 қаңтарында хат жіберілмек.

Дегенмен, Hyundai компаниясы осыған дейін сатылып кеткен көліктерге қатысты жарақат алу, өлім-жітім, апат немесе өртену оқиғалары бойынша хабарлама алмағандығын мәлімдеді.

NHTSA дерегіне сәйкес, бұл Hyundai көліктерін алғаш рет кері қайтару емес. Бұған дейін 2023-2025 жылдары шығарылған 145 мыңнан астам «Genesis», «IONIQ», «IONIQ 6» және «Genesis GV60» маркалары кері қайтарылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале