Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы газетке 2025 жылдың І жартыжылдығына жазылуда айнымас бірліктің үлгісін көрсетті.
Тінін тарқатсақ, аталмыш орталық аудандық редакциямен тығыз байланыста. Жүзеге асқан жұмысты, игі іс-шараларды халыққа жеткізу үшін һәм нақты ақпараттармен бөлісу үшін барын салатын ұжымның бұл бастамасы қуантпай қоймайды. Басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев:
– Республикалық, облыстық басылымдарды қалт жібермей, апта сайын талқылап, оқып тұрамыз. Бұл біздің жұмыстың барысын ілгерілетіп, тың идеяларға құлаш сермеуге мүмкіндік береді. Аудандық «Теректі жаңалығы» газетіндегі жаңа айдарлар, оқырман қауымды газетке жетелейтін өзекті мәселелерді атап өту керек. Жастар газет оқымайды деу шындыққа жанаспайды. Оны теректілік жастар дәлелдей алады, - деді өз сөзінде.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы