25.11.2024, 15:15
Оқылды: 17

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жетті

Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_2924

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен  жарқын вариациялар көрсетті.

IMG_2925

Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале