Тарқатып айтсақ, аудандық мәдени-демалыс орталығының жас өнерпаздары мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастары бірлесе «Qalaiyq» музыкалық жобасы аясында алғашқы камералық кешін өткізді.
Ауданда мұндай кештер тұңғыш рет өтіп тұрған соң ба, «Теректі» демалыс кешеніне кіре сала жобаның атмосферасы айқын сезілді. Көз тартар
безендірулер мен жарықтың қойылуының өзі ерекше әсер сыйлады. Кештің бас ұйымдастырушылары Данияр Рақымғали мен Альбина Мейрамбай қонақтарды қарсы алудан бастап, барлығын сәтті ұйымдастырған. Әрине, өздері алғашында қобалжып тұрды. Жауапкершілікті сезінгендері шығар бұл.
Тың жоба Бақытгүл Қабашева мен Мейрамбек Қуандықтың орындауындағы «Ән әлемі» әнімен басталды. Кейін жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың оператор маманы Алтынбек Қайырғалиев «Сағынамын» әнін орындады. Бұл көпшілік үшін айрықша жаңалық болды.
Өйткені қарапайым мобилогрофтың сахнадан көрінуі, бойындағы қабілетін көрсетіп, ән салуы жастардың ауызбіршілігін көрсетеді. Осындай өнерпаздар бой көрсеткен кеш аудандағы жайдарманды төрге сүйреуші Дастан Төлегеннің «Stand up»-імен жалғасын тапты. Ол өз әзілдерімен аудандағы өзекті мәселелерді қаузап, түйткілдерді түйреп өтті. Мысалы, жастарға деген
қолдауды, ауыз суға қатысты шешілмей жатқан жайтттарды баяндап берді.