25.11.2024, 16:45
Оқылды: 14

Теректілік «Телқоңыр» облыстық байқауда топ жарды

Биыл Атырау қаласында өткен сайыста жеңімпаз атанып, Мәскеуге жолдама алған аудандық балалар музыка мектебінің «Телқоңыр» ансамблі эстетикалық бағыттағы гимназияның 30 жылдығына орай өткен «Дәстүрлі ән өнері – ұлт болмысының өзегі» атты облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды.
 4
Сонымен қатар жеке орындаушылар арасында ансамбль мүшесі Арғын Темірғали да жүлделі 1 орынды қанжығасына байлады. Өңірдің дәстүрлі әнге ынталы жастары жиналған байқаудың маңызы мен мәні ерекше болды.

Дәстүрлі ән өнеріне, қазақтың асыл мұрасына саналы ғұмырын арнап келе 
жатқан Қатимолла Бердіғалиев, Сағадат Рахметжанов, Серік Әбдірахманов, Ақмарал Кемелханова мынды тұлғалардың жоғары бағасына ие болу – зор мәртебе. Олай болса, саф өнерге үлкен жетістікпен қадам басқан «Телқоңыр» ансамбліне және жетекшісі Дәурен Жұмағалиевке шалқар шабыт тіледік.

Ақтілек Орынбасар
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале