25.11.2024, 18:00
Оқылды: 9

Жаңақала ауданы әкімі абзал жандарды қабылдады

Біздің қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

d9f24d0b-1c07-45c3-a9c4-24079a420633

Сондықтан әйел затының әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға елімізде айырықша мән беріледі. Осыған орай бүгін Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев әкімдіктің кіші мәжіліс залында тоғызқұмалақ ұлттық ойынын дамытып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаған Қаламқас Қонысбайқызы мен ауданымызға тігіншілік өнерді алғаш алып келген, «КИНЭС» Қазақстан рекордтар кітабына, Гиннестің рекордтар кітабына еніп, еліміздің 450 құрақшысының қатарына кірген Зарина Азаматқызын қабылдады.

524cf9e6-5732-4ffd-ac45-fdcd7c6ca9c8

Жиында Алпамыс Жаңабайұлы алғысхат табыс етіп, келер ұрпаққа үлгі болар істеріне сәттілік тілеп, әрдайым қолдау көрсетуге даяр екенін жеткізді.

972e88a1-c82a-4679-8273-15b23add1536

Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ранилұлы және аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы қатысып ізгі лебіздерін жолдады.

Аруғаным Берікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале