25.11.2024, 20:00
Оқылды: 6

Бес жылда сақтандыру төлемдері 70%-ға ұлғайды

Кейінгі 5 жылда сақтандыру төлемдері 102 млрд теңгеден 176 млрд теңгеге дейін 70%-ға ұлғайды. Әсіресе міндетті автосақтандыру, мүлікті ерікті сақтандыру және ауырған жағдайда ерікті сақтандыру көшбасшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақша JP

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның айтуынша, сақтандыру нарығында тұтынушыларға қызмет көрсету үшін барлық қажетті институттар бар.

Нарықта 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 15-і «жалпы сақтандыру» саласында және 10-ы «өмірді сақтандыру» саласында, сондай-ақ 12 сақтандыру брокері бар.

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандыру нарығының өсу драйвері болып отыр. Биыл 1 қарашада бұл сала сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ең көп үлесін алады (52,5%). Кейінгі 5 жылда сала активтері 2 еседен астам өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Бұл мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтандыру өнімі, бірлескен және кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттері сияқты жаңа әлеуметтік бағдарланған сақтандыру өнімдерін енгізу арқылы мүмкін болды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру төлемдері кейінгі 5 жылда 5 есеге, атап айтқанда, 21 млрд теңгеден 91 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Төлемдердің негізгі көлемі қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға және өмірді ерікті сақтандыруға тиесілі.

«Жалпы сақтандыру саласы барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсуді көрсетуде – сақтандыру компанияларының активтері кейінгі 5 жылда 56%-ға ұлғайып, 1 қарашадағы жағдай бойынша 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің 47,5%-ын құрайды», - деді М. Хаджиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале