27.11.2024, 9:30
Оқылды: 19

Елдің басым бөлігінде жел күшейеді: 27 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер болжамына сәйкес, бүгін бірнеше өңірде тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге, кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Бұл туралы Qazaqstantv жазды.

ЖП куз Орал (4)

Астанада күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз -3-5°С аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С аяз, күндіз +11+13°С жылы.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы күндіз +16+18°C жылы. 

Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында ауа сапасы ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы туралы ескертілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале