27.11.2024, 11:16
Оқылды: 25

Үш жыл ішінде контейнермен тасымалдау көлемі 30%-ға ұлғайды – ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында теміржол саласының дамуы және республиканың транзиттік теміржол әлеуеті туралы баяндады.

IMG_3183

Сурет: Үкімет

Қазақстан ірі экономикалық орталықтар арасында стратегиялық жағдайға ие. Әрбір негізгі бағытта көлік-логистикалық оператор бекітілген. Транзиттік инфрақұрылымды қарқынды түрде дамыту бойынша қабылданған шешімдердің арқасында жүк ағыны жыл сайын артып келеді. ҚТЖ деректері бойынша контейнерлік транзиттік тасымал тұрақты өсімді көрсетуде: 3 жыл ішінде оның көлемі 30%-ға өсті.  

«Халықаралық тасымалдардың өсуін ескере келгенде жол тораптары түйіскен жерде кезеңдік қиындықтар туындайды. Биыл Орталық Азия елдері бойынша мәселе шешілді. Мысалы, Сарыағаш түйіскен жері бойынша тәуліктік айырбас 24-тен 36 пойызға дейін ұлғайтылды. РТЖ-мен пойыз ауыстыру бойынша мүмкіндіктеріміз бар, болашақ көлемдер үшін түйісу тораптарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру басталды. ТХКБ бойынша біздің порттарымыздың қуаты жеткілікті. Болашақтағы көлемдерге және сервисті жақсарту үшін қытайлық әріптестерімен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік хаб салуға кірістік. Құрық портында тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды», — деді Нұрлан Сауранбаев. 

Сондай-ақ ҚТЖ басшысы ҚХР бағытында қазақстандық тараптың өткізу мүмкіндігі жөніндегі мәселе 2025 жылы «Достық–Мойынты» учаскесінде екінші жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін толық шешілетінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале