27.11.2024, 14:45
Оқылды: 251

Казталов ауылдық округі әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 4-тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 27 қарашадағы келісіміне сәйкес Казталов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 қарашадағы №55 өкімімен Ищанов Сабыржан Миржанұлы Казталов ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

FB_IMG_1732690556795

Аппарат басшысы Нұрсұлтан Қаримоллаұлы ұжымға Сабыржан Ищановты таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сабыржан Миржанұлы 1988 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Нұрсай ауылында дүниеге келген.

2005-2010 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «информатика» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

2012-2014 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгер қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.

2015-2017 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі директорының міндетін атқарушы, 2017-2018 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2018-2020 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің директоры, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап күні бүгінге дейін Тереңкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында жолдасы екеуі 4 ұл тәрбиелеп отыр.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале