Бүгін Жаңақала ауданындағы «Amanat» партиясының ғимаратында аудандық филиал фракциясының бесінші отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Марс Жұмалиев төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Сержан Тұрдалиев сөз алып, жыл ішіндегі бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен заң жобасы туралы баяндама жасады. Әрі қарай аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Азамат Хамитұлы әскери-париоттық тәрбиелеу, психологиялық көмек және ағымдағы жыл ішінде әскерге шақыру бойынша жасалынған жұмыстарға тоқталып өтті. Жиынға қатысушылар арасында жастардың әскерге баруға құлшыныстарының төмен болуы жайында сөз қозғалып, әртүрлі ұсыныстар ортаға салынды. Ағымдағы жылдың 19-22 қараша күндері аудандық мәслихат депутаттары өз ауылдық округтерінде халықпен кездесіп, есеп берген болатын.
Кездесуде айтылған пікір-ұсыныстарды «Amanat» партиясының аудандық филиалының кеңесшісі Гүлбану Дағарова ортаға салып, көпшілікпен талқылады. Жиын барша қатысушылардың пікірлерімен тәмамдалды.
Фариза Махамбетова,
Жаңақала ауданы