28.11.2024, 10:45
Оқылды: 32

БҚО-да байланыс операторлары 66 млн айыппұл төледі

Өңіріміздегі 413 ауылдық елді мекеннің 357-сі интернетпен қамтамасыз етілген. Халық саны  3,2 мың болатын 56 ауыл интернетпен қамтылмаған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар алаңында  өткен баспасөз мәслихатында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерғали Ержанов айтты.

ергали ержанов

Өткен жылы ҚР Цифрлық да­му, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігінің байланыс және ин­тернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы бекітіліп, Орал қа­ласы мен 70 ауылдық елді мекенде мобильді интернетпен қамту және сапасын жақсарту жұмыстары іске асырылған.

– Ұялы байланыс бойынша биылғы жылға Орал қаласында және 183 ауылдық елді мекенде мобильді интернетпен қамтудың сапасын жақсарту және кеңейту бойынша елеулі жұмыстар, оның ішінде 41 ауылда жаңа базалық стансалар салу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 21 ауылда мобильді интернетпен қамту және сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жаңа базалық стансалар бірқатар ауылдарда орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 8 ауылды жаңа базалық стансамен қамтамасыз ету жоспарда. Ал Beeline байланыс операторы облысымыздағы 132 ауылдың байланыс сапа­сын жақсарту және 23 ауылға жаңадан базалық стансаларды орна­ластыру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 14 базалық станса орнатылды. Осы жылдың соңына  дейін өңіріміздің 9 ауылдық елді  мекеніне базалық станса орнату жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Биыл сымды интернетті ұйымдастыру бойынша «Қазақтелеком» АҚ  «радиокөпір» технологиясы ар­қы­лы Жаңақала ауданының Жаңа­қала, Теректі ауданының Подстеп­ный және Теректі, Қаратөбе ауда­нының Жусандыой және Бәйтерек  ауданының Переметный ауылда­ры­на интернет жүргізген. Келер  2025 жылға облыс орталығының  түгелдей оптикалық желілерге кө­шуін ұйымдастыру жоспарда.

Орал қаласының жеке секторла­рын интернетпен қамтамасыз ету  үшін операторлар Батыс Қазақстан электржелілік тарату компания­сы­мен бірлесіп, электр жетектерін  қолданып жұмыстар атқаруда. Мы­салы, өңіріміздің шағын байланыс  операторлары Құс фабрикасы, Са­ры­тау, Ғалымдар ауылы, Сарыар­қа,  Ескі әуежай, Жұлдыз шағынау­дан­дарын, Зашаған, Деркөл кенттері, Тоқпай және Подстепный ауылда­рын, Орал қаласының Самар көшелерін, «Дружба», «Новь», «Хуторок», «Ивушка» және «БАҚ ден­саулығы» бау-бақша серіктестікте­рін, Бәйтерек ауданының Мичурин   ауылындағы Жером тұрғындарын  талшықты-оптикалық байланыс  желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді, – деді Ерғали Қуанышпекұлы.

Спикердің сөзінше, биыл ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникация ко­­ми­тетінің өңіраралық байланыс  инспекциясы жоспардан тыс 35  тексеру жүргізген. Оның 14-і – ауыл­дық елді мекендерде, ал 21-і Орал  қаласында жүргізілген. Тексеру барысында байланыс операторлары­ның белгіленген стандарттарға  сәйкес келмеуі анықталып, жалпы сомасы 66,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.

Облысымызда 2024-2027 жылдары 231 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Халық саны 50-ден аз болып келетін 44 ауылға спутниктік технология арқылы интернетпен қамту бойынша ұсыныс берілген. Ұлттық жобаның ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына дейін интернеттің «соңғы милін» субсидиялау іс-шарасы аясында өңіріміздегі 92 ауылды интернетпен қамтамасыз ету бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Жанерке Мерекеқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале