Оқитын ұлт қалыптастыру әуелі көнекөз қариялардан бастау алатын сияқты. Бұрын ата-әжелеріміз малдың соңында жүрсе де, кеш батса, майшамын шағып газетке үңілетін.

Қаумалаған немерелер жандарына барып, бірдеңе түсінгендей дауыстап оқығандарын тыңдайды.
Өнегелі әңгімелердің жемісі шығар, бүгінгі зиятты ұрпақ ата мен әженің тәлімін көргендер десек, артық айтқандық емес. Мұндай қариялардың бүгінгі кезеңде ортамызда жүргені қуантады.
Теректі аудандық Ақсоғым ауылдық округіне қарасты Үлкен Еңбек ауылындағы ақсақал:
– Көзім дұрыс көрмейді. Кітап оқуды азайтқанмен, газет оқуды тоқтатқым келмейді. Өйткені аудан жаңалығы мен үшін өте маңызды. Қалай болса да, оқып шығамын, - дейді.
Міне газет оқуға ештеңе сылтау емес. Ең бастысы – туған жерге деген асыл махаббат!
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы