Қазақстан 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Гуанчжоуда өтетін 21-ші Қытай Халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінің құрметті қонағы болды, деп хабарлады АШМ.

Суреттер: АШМ
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын 30-дан астам жетекші кәсіпорын қазақстандық АӨК-тің халықаралық әріптестер мен инвесторлар үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті.

«Гуанчжоудағы көрмедегі Қазақстанның ұлттық экспозициясы - елдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығындағы ұстанымын нығайтуға және оның жоғары сапа стандарттарын көрсетуге жасалған маңызды қадам. Бүгін мұнда өз өнімдерін Қазақстанда өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен алуан түрлілігін көрсететін компаниялар таныстырылды», - деп павильонның ашылуында атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Павильонға ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Хан Цзюнь қатысты.