1.12.2024, 16:19
Оқылды: 105

Сырым ауданының құрметті азаматы дауыс берді

Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауына Сырым ауданының Құрметті азаматы, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ардагер журналист Махмет Қажиахметов пен оның жары, ақпарат саласының ардагері Ботагөз Нұғманова келіп, отбасымен таңдау жасады.

2

Қаламгер халық сеніміне ие болып, сайланған әкім алдымен ауылішілік жолдар, жаяу жүргінші жолдары мәселесін қолға алғанын қалайды.

Жас отбасылар да белсенді

Ауыл әкімінің сайлауына жас отбасылар да белсенді қатысып жатыр. Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Тілеген Отарбаев пен Әдемі Жанғожиева кішкентай ұлы Омармен бірге таңдау жасады.

« Дауыс беруге келу — азаматтардың өз құқықтарына қаншалықты байыппен қарайтынын және дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Сайлау учаскесіндегі ұйымшылдыққа риза болдым.  Бүгінгі сайлауда қалауымша таңдау жасадым», - жас отбасының отағасы.

Сайлаушыларға сыйлық табыс етті

№290 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Берік Бисалиев дауыс беруге келген ақ жаулықты әжелер Әмір Марден мен  Хиуа Сағидуллинаға алғыс білдіріп, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. 

1

Егде жасқа келген ел аналары  адам қанша жасқа келсе де, халықтың, ұрпақтың келешегі үшін алаңдаулы екенін жеткізді.

«Бір басшыға мың қосшы» дегендей, елді бастайтын бір ердің әкім болғанын қалаймыз», - әжелер.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале