1.12.2024, 18:00
Оқылды: 106

Макаров ауылында сайлаушылардың 58,4 пайызы дауыс берді

Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылдық округіндегі әкім сайлауы бірқалыпты өтіп жатыр. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша округ бойынша дауыс беру құқығына ие 1027 сайлаушының 58,4 пайызы өз таңдауын жасаған.

IMG_20241201_175018_541
Мұндағы төрт сайлау учаскесінің ішінде Жалын ауылындағы №200 сайлау учаскесіне келіп жатқан тұрғындардың қарасы қалың. Ауыл тұрғыны Эльвира Ахметованың айтуынша, Жалында сайлау қашан да жоғары деңгейде өтеді. Ауыл тұрғындары сайлау, референдумдардың мән-мағынасын түсінеді. Сол себепті мұндай саяси науқандардан қалыс қалмауға тырысады. Түске дейін жалындықтардың елу пайыздайы өз таңдауларын жасауы соны көрсетсе керек.

IMG_20241201_175108_408
Ал округ орталығы – Макаров ауылында дауыс берушілер арасында жастар көп. Солардың бірі таяуда 18-ге толған Ниетбай Исмаилов.
- Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Жалпы мұндай сайлау ауылымыздың болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Сондықтан ауылдастарымды сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын,- дейді ол.

IMG_20241201_175113_929
Айта кетейік, Макаров ауылдық округінің әкімі болу үшін үш үміт бағын сынауда. Олардың арасында аталмыш округтың осыған дейінгі әкімі де бар. Үш кандидат та өзін-өзі ұсыну тәртібімен сынға түсті. Сайлаудың әділ өтуін кандидаттардың сенімді өкілдері бақылап отыр.

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале