2.12.2024, 9:45
Оқылды: 181

Зашаған кентінің әкімі болып Аққали Әубакіров сайланды

Бұл туралы Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

Белгілі болғандай кеше өткен әкім сайлауында Аққали Әубакіров 3 190 дауыс жинап өзге кандидаттардан басым түскен. Ал Әлібек Сарсенов – 1 068, Татьяна Сумкина – 349 дауыс жинаған.

cc7167b5-a470-47b0-a4a0-0366c3a063c7

Жалпы Зашаған кенті бойынша кеше сайлауға 5 118 адам дауыс беруге келген. Бұлардың ішінде 200 адам үйден дауыс берген. Осылардың ішінде 248 адам ешбір кандидатты қолдамайтынын білдіріп, «Бәріне қарсымын» деген белгіні таңдапты. Ал 263 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Сонымен кешегі сайлаудың нәтижесі бойынша Аққали Әубакіров 62,3 пайыз дауыспен Зашаған кентінің әкімі қызметіне сайланып отыр. Ол бұл қызметті бұған дейін де атқарған болатын.

– Сайлауға қатысқан зашағандықтардың пайыздық көрсеткіші 11,6 құрады, - деп хабарлады сайлау комиссиясы.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале