2.12.2024, 11:33
Оқылды: 190

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510-520 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_3785

Сурет: pixabay.com

Ұлттық банктің 2 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,73 теңге. Еуро – 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,7 теңге. Еуро 540,5 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510 теңге, сатып алу құны – 520 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,90 - 5,00 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 512,52 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале