
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 2-кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Қазақстан рекордын тіркеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол Бейжің мұз айдынында В дивизионында 3000 метрді 4:12.48 секундта жүгіріп өтті.