2.12.2024, 16:30
Оқылды: 78

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыруға қатысты бастама көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жп бала (2)

Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған кезде қайғылы жағдайлар болған.

"Осы деректерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Оған қоса қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекеттік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет", - деп жазды балалар омбудсмені.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале