3.12.2024, 12:15
Оқылды: 95

Ақсоғымдық ағайынның арманы қандай?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті тұрғындармен кездесу өткізуі тиіс.

IMG_8829

Бұл ауыл жұртшылығы мен биліктің арасын едәуір жақындатады. Ақжайық ауданындағы есеп беру жиынынан соң аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Ақсоғым ауылына аттанды.

Аудан басшысына кездесу басталмас бұрын жолыққан тұрғын көп болды. Жеке мәселелерін еүңілген Әлия Биғазықызы бәрінің мәселесін шешіп беруге тырысып баққан сияқты көрінді.

Өйткені эмоцияларынан және бөлім басшыларын шақыртып, ауыл жұртшылығының жанайқайын тыңдағанына біз де куә болдық.

IMG_8875

Жиын басталған соң Ақсоғым ауылдық округінің әкімі Мұфтах Дүйсенғалиев баяндамасын оқыды. Мұнда бюджет көлемі, денсаулық сақтау саласы, атқарылған жұмыстар, әлеуметтік сала мәлім етілді.

Мұфтах Ғұмарұлы:

– Биылғы жылдың ІІІ тоқсанына салық түсімі 4 миллион 136 мың теңгені құрайды. Оның ішінде көлік салығы – 2 миллион 625 мың теңге, мүлік салығы – 60, 153 теңге, жер салығы – 121, 960 теңге. Округ бойынша 3 медициналық пунктте ауыл тұрғындарына 2 ауылдық фельдшер қызмет етуде. Дүниеге келгендер саны – 6, өмірден озғандар – 6. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және профилактикалық шаралар жүргізу арқылы ауылда нәтижелі жұмыстар атқарылды. Өңірімізде болған төтенше жағдайкезінде 72 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жарамсыз болды. Аталған нысандар толықтай қалыпқа келіп, 69 отбасына 9,5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді, - деді.

Сонымен қатар Барбастау–Индер тасжолынан Ақсоғымға кіретін 7 шақырым жол бойына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда 5,7 шақырым жолына асфальт төселгенін және кіреберіс жолдың бойына су тасқынының алдын алу бағытында жаңадан ені 2 метр, ұзындығы 11 метр бетонды су өткізу құбырының құрылысы жүргізілгенін мәлім етті.

Үлкен Еңбек ауылының барлық көшелерінің электр бағаналары жаңартылып, жалпы ұзындығы 3, 7 шақырым болатын СИП сымдары тартылған. Жыл соңына дейін аталған ауылға жаңадан 20 дана көше шамдары орнатылады екен. Үлкен Еңбек, Бозай, Табынбай, ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары ашылатынынан да хабардар болдық.

IMG_8874

Тазалық айлығы шеңберінде қоқыс шығару қатаң бақылауда болып, 100 түп ағаш отырғызылған.

Айта кету керек, ауылдық округтегі тұрғын саны – 1097. Он екі адам қоғамдық жұмыспен қамтылған.

Есеп берілді. Жұмыстар айтылды. Бірақ деп тіл тістедік. Ауыл әкімінің баяндамасынан соң ағайын өре түрегелді. Қысқасы Мұфтах Дүйсенғалиевтің жұмысына разы емес, олар

Газ бен судың мәселесі, медициналық қызметтің сапасы, жол түйткілдері тұрғындарды толғандырады. Ауыл тұрғындары Ербол Кенжалиев пен Еділбай Қажығали ашына сөйледі. Тіпті, сұрақ-жауап барысында толқып, дауыстарында діріл байқалды.

Мұфтах Ғұмарұлының тұрғылықты мекенжайы Ақжайық ауылында екенін айтып, Ақсоғымдағы жағдайға бас қатырмайтынын жарыса жеткізді.

Әлия Мұханбетжанова тұрғындар тарапынан айтылған арыз-өтініштерді байсалдылықпен қабылдап, тиісті бөлім басшыларынан мардымды жауап беруін сұрады.

Ауыл әкімінің қызмет ету мерзімі келер жылда аяқталатынын айтқан аудан басшысы ақсоғымдық ағайындар арасынан әкім болуға кандидат ұсынуды тапсырды.

Бірін мектеп құрылысы, енді бірін жол жыры терең ойға батырған жиында «Ауылдың ертеңі қалай болмақдеген сауалмен жанды ауырттық.

Теректі ауданының 2-ауруханасы директоры Бекзат Құбаев медициналық сауал төңірегінде заң аясында жауап беріп, ағайынды сабырға шақырды.

Ойлап қарасақ, дауыл болса, жарық пен газдың лезде өшуі, шатырдың ұшуы, ұялы байланыс желісінің жоғалуы, судың тоқтауы – республика көлемінде ізденіс тудырып жатқан мәселелер.

Түптеп келгенде тек ақсоғымдықтар зардап шегіп жатқан жоқ. Бұл қиындықтардан ымыраға келу мен жұдырықтай жұмылу құтқармақ.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале