Жақында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ұстаздар арасындағы «Қадыр оқулары – 2024» республикалық сайысы өтті. Аталған байқау Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттауға арналған «Қадыр – қазына» жобасы аясында ұйымдастырылған.
Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Қадыр оқулары оқушылар арасында өтіп жүрсе де, мұғалімдердің арасында алғаш рет өтті. Жарыстың басты талабы бойынша қатысушы мұғалімдер де, оқушылар да ақынның 100 өлеңін жатқа білуі тиіс екен.
Бөрлі ауданының атынан дәстүрлі «Қадыр оқуларына» Успен МББК-нің бастауыш сынып мұғалімі Назерке Меңдібаева қатысты. Ол жарысқа көркемсөз бөлімі бойынша қатысып, ІІ орынға ие болды.
Айдана Ерболқызы
Бөрлі ауданы