4.12.2024, 11:15
Оқылды: 61

Шағатай ауылына мал дәрігері қажет

Теректі ауданының әкімі, ел-жұртты ортақ ұғымға ұйыстырған Әлия Мұханбетжанова ІІ жартыжылдықта алға озған жұмыстарды Шағатай ауылында баян етті.

IMG_8882

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең озық бастамасы болды. Соның арқасында қараша халық пен атқарушы биліктің арасын айтарлықтай жақындата түседі.

Аталған ауыл әкімі Рүстем Мүтиев ең әуелі әлеуметтік салаға тоқталды. Оның айтуынша, ауылдағы 39 адам жұмысқа орналасқан. 27 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 5 адам тұрақты, 2 адам маусымдық жұмысқа кіріскен.

IMG_8913

Қоғалытүбек ауылындағы ауыз суын жүргізу жұмыстарын қолға алған «ПМК-17» компаниясына 4 ауыл тұрғыны жұмыспен қамту, яғни «Мансап» орталығы арқылы жұмысқа орналасқан.

«Жастар тәжірибесі» бойынша 5 маман жолданып, 3-еуі жұмысқа қабылданған.

— Биыл ауылішілік жолдарды қардан тазалау, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Оны мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Шыңғыс» шаруа қожалығы жүзеге асырды. Басшысы — ауыл тұрғыны Мәлік Көшербаев. Жылдың соңына дейін бұл қызметтен айнымауға тиіс, - деді өз сөзінде Рүстем Сейтонұлы.

Оның баяндамасы аясында көшені жарықтандыру, абаттандыру, мәдениет саласы бойынша мәселелер айтылды.

IMG_8889

Айталық, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін округ бойынша 15 дана жарық шамдары орналастырылған. Ауыл әкімі «Қолда жарық шамдары бар» деп, көңілді жайландырды. Ақжайық электр торабы мекемесімен жасалған келісімшарт негізінде жыл соңына дейін 10 дана жарық шам қойылмақ.

Тағы да айта кететін жайт, 1986-87 жылы туған мектеп бітірушілеріне 20 жыл толған түлектер өз қаражат есебінен 1 шақырым СИП желісі мен 10 дана жарық диодты шам алып берген.

Ауыл әкімі есеп берсе де, халық мал дәрігерігеріне зәру екендігі айқын көрінді. Анықтама алу үшін аталған маманды қажет ететін олар жастардың бұл салаға тұрақтамайтынын жеткізді.

Көкейкесті сауалға Теректі аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары Әділет Қобыланды жауап берді.

IMG_8917

Мәлім етуінше, халықтың қыспағынан білікті маман жұмысын жалғастырмайды. Қорыта келгенде, мал дәрігері Шағатай ауылына тек соғым сату кезінде анықтама алу үшін қажет. Ал басқа уақытта малдарынан қан алғызбақ түгілі, маңайға жақындатпайды.

Міне, осы себепті мамандар Шағатайдан басқа ауылға аттанып жатыр. Өзіміз тұтынатын малдың уақытылы екпе алып, қан тапсырғаны – маңызды. Ал шағатайлықтар сататын шақта ғана анықтамаға құмар.

Сөйте тұра мал дәрігерін қажет етеді. Жә, солай болсын. Келер жылдың қаңтар айында арнайы маман жұмысқа кіріседі. Бірақ елдің ойлау деңгейі осы болса, не қайыр күтеміз...

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале