5.12.2024, 11:00
Оқылды: 115

«ККК-Бөрлі» өнер орталығының оқушылары бағындырған белес көп

Жақында Бөрлі ауылының бишілері республикалық жарыста бас жүлде алды деген хабарды естідік. Олар «ККК-Бөрлі» өнер орталығының оқушылары екен. Сәуір айында Орал қаласындағы «ККК» өнер және білім орталығы ауданымыздағы Бөрлі ауылында өз филиалдарын ашқан. Негізінен аталған өнер орталығының облысымызда 7 филиалы бар.

d1063540-2183-43d4-9cab-9765267fb3a6

Би үйірмесінің тарихы былай басталады. Осы уақытқа дейін Бөрлі ауылында хореографтың жоқ болуына байланысты би үйірмесі тоқтап тұрған екен. Ауыл тұрғындары аудан орталығына барып ауылдан би үйірмесін ашуды сұраптыСодан «ККК» өнер және білім орталығының директоры Қарлығаш Қадырбекқызы Бөрлі ауылынан филиал ашып, оған хореограф ретінде Жанар Жеңісқызын шақырған екен. Қазіргі таңда «ККК-Бөрлі» филиалында жетекші ретінде Жанар Жеңісқызы мен Камила Тасмұратова жұмыс жасайды.

«ККК-Бөрлі» өнер орталығына 4 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Қазіргі таңда 85 қыз бала жас ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа бөлінген.

WhatsApp Image 2024-11-28 at 17.23.23

– Би бізге өте керемет әсер және күш-қуат береді. Сахнада бәріміз жарқырап, көрермендердің қолдауынан мотивация аламыз. Би – менің ең сүйікті хоббиім десемде болады. Жарысқа қатысқан кезде барлығымызда қорқыныш және уайым болды. Мен болашақта бимен айналысамын деп ойлаймын. Себебі хореограф болуды армандаймын, - дейді орталық оқушысы Светлана Жұмабай.

Ашылғандарына тек 8 ай өтсе де орталықтың оқушылары бірнеше жарыстарға қатысып үлгерген екен. Атап айтсақ, республикалық «Өнер әлемі» өнер байқауына орталықтың кіші тобы (3-5 жас) «Ягода-малинка» биімен қатысып, ІІІ орынмен марапатталған. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткен «Ақжелкен-2024» республикалық байқауында орталықтың 11-12 жастағы бишілері «Мереке» атты қазақ биімен және аралас жас тобы «Движуха» заманауи биімен бас жүлдеге ие болды. Бұл ашылғандарына көп болмаған орталық бишілері үшін үлкен жетістік. Аталған жарыстарға дайындаған және топтардың жетекшісі Камила Тасмұратова.

WhatsApp Image 2024-11-28 at 16.28.49

– Ауылдық жерде тұрып, біз, ата-аналар, балаларымыздың бос уақытын қызықты етіп қана қоймай, мүмкіндігінше ұтымды ұйымдастырғымыз келеді. «ҚКК» филиалының ашылуы Бөрлі ауылының барлық ата-аналары үшін маңызды оқиға болды. Бұл тек жоғары сапалы қосымша білім алу ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың қоғамда, кез келген қарым-қатынаста, бәсекелестік ортада дамуына мүмкіндік береді. Хореографтардың орасан зор еңбегінің арқасында біз балаларымыздың керемет нәтижелерін көрудеміз. Мамандар әрқашан балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Би сабақтары біздің балаларымыз үшін ажырамас тәрбие процесі болып саналады. Өйткені ол жас ұрпақтың физикалық және эмоционалды түрде дамуына, балаларымыздың маңызды дағдылары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Біз ата-аналар ауылымыздан осындай би үйірмесін ашуға атсалысқан аудан және ауыл әкімдігіне, ауылдық мәдениет үйіне, «ККК» өнер орталығына өз алғыстарымызды білдіреміз. Ұстаздарымызға сарқылмас қуат, шығармашылық шабыт тілейміз. Біз балаларымызға берілген осындай мүмкіндік үшін ризамыз, - деп ата-аналардың бірі Ольга Павлова өз алғысын білдірді.
bb175201-e437-484c-b865-eaf8b82e044b
Өнер орталығының басты мақсаты жас ұрпаққа би өнерінің қыр сырын үйрету, үлкен сахнаға шығарып, ел, жер көрсету. Аталған орталықтың репертуарында ұлттық, стилизациялық, заманауи және балалар билері бар. Қазіргі таңда би үйірмесі ақылы. Орталық келер жылы «Даму бала» бағдарламасы арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отыр екен. Бұл дегеніміз балалар үйірмеге тегін қатыса алатынын білдіреді. Бұның өзі ата-аналарға деген үлкен жеңілдік болатыны сөзсіз.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале