5.12.2024, 12:00
Оқылды: 174

БҚО әкімі Қаратөбе ауданына барды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданына барды.

Обл әкімінің сапары (1)

​Өңір басшысы аудандағы Аққозы ауылдық округінің орталығы Қоржын ауылына ат басын тіреп, округтегі көктемгі су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстармен танысты.

Қоржын ауылының айналасында тұрғызылған бөгеттің құрылысын жүргізуші мердігер «ВRAТ.М» ЖШС-нің ұйымдастырушысы Бауыржан Асқарұлы облыс әкімі Нариман Төреғалиұлына атқарылған жұмысты таныстырды.

Бөгет салу жұмысы осы жылдың қазан айынан басталып, аталмыш жұмысты аяқтау алдағы жылдың ақпан айына жоспарланған.

Ауыл тұрғыны Ақжан Айтқали жаңа үйлер салынған көшелердегі жолдың қиындығын, кейбір үйлердің қасындағы бағаналардағы жарық шамдарының жанбай тұрғанын, көше тазалығын сақтауға байланысты және мектепке баратын жолдың қиындық туғызып тұрғанын айтып, осы мәселелердің шешілмей жүргенін облыс әкіміне жеткізді.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы ауыл тұрғыны Ақжан Айтқалиға айтылған мәселелерді шешу мақсатында үйлер мен жолдарды салған, жарық бағаналарын орнатып, желі сымдарын тартқан мердігер компанияларды Қоржын ауылына жіберетіндігін айтып, аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен округ әкімі Асхат Жәнібекұлына осы мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Облыс әкімі ауылдағы тазалық мәселесіне баса назар аударды. Ауыл тазалығының сақталуы турасындағы жұмыстарды ұйымдастыру ауыл әкіміне тапсырылды.

Округ әкімі ауыл тазалығына байланысты атқарылатын жұмыстар бойынша өз ойын ортаға салды.

Ерболат Мырзағұлұлы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале