Жапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында төрт күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр. Жаңа ереже Токиода сәуір айында күшіне енеді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Сурет: freepik.com
Айта кетсек, елдегі халық саны 8 жыл қатарынан азайып келеді. Себебі жұмысбастылықтан жастар үшін отбасын құрып, балалы болу қиындап барады.
Сонымен қатар жапондық ата-аналарға жартылай демалыс беруді жиілету көзделіп отыр. Мұның нәтижесінде жұмыскерлерде балаларына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік пайда болады деген үміт бар.