9.12.2024, 16:00
Оқылды: 100

БҚО-да 2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен танысты. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_4509

Облыс әкімі Орал қаласының аумағындағы су басу қауіпі бар аумақтарды аралап, салынып жатқан бөгет құрылыстары мен және қауіпті өзен аумақтарын нығайту жұмыстарын көрді.

Бұдан бөлек, Нариман Төреғалиев Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек аудандарында да болып, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын бақылады.

IMG_4508

«Көктемге барынша дайын болу керекпіз. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қала, аудан әкімдері мен тиісті басқармалар мен мекемелер осы жұмыстарды уақытылы өткізуін тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша арнайы Жол картасы бекітіліп, оның аясында 23 іс-шара жоспарланған.

Бұдан бөлек, көктемге дайындық жұмыстары күздің алғашқы айынан басталғанын атап өтеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале