9.12.2024, 18:00
Оқылды: 186

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль үшін таласады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін ойнайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_4511

Сурет: Olympic.kz

Біздің спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде қазақстандықтар Жапония құрамасына 23:30 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін күреседі. Бұл жүлдеге жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да үміткер ретінде саналады.

Айта кетейік, матч 10 желтоқсанда өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале