
Сурет сайт архивінен
Бұл жұмыстардың жүруіне «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының депутатары ұйытқы болған.
Партия депутаттары мәслихат отырыстарында халықтың денсаулығына қатысты өзекті мәселелрді көтеріп, тиісті орындарда депуттық сауалдар жолдап отырған. Осындай өткір депутаттық сауалдардың нәтижесінде денсаулық саласына қатысты 13 мекемеде күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.
Бұл туралы БҚО мәслихатының депутаты Ербол Салықов айтты
Бүгін «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы брифинг өткізіп, тілшілердің сұрағына жауап берді.
Жалпы биылғы жылы «АМАNАТ» партиясының депутаттары 113 депутаттық сауал жолдапты. Оның ішінде 35 депутаттық сауал орталық деңгейдегі тиісті құзыретті мемлекеттік органдарға жолданған.
– Партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 50 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру боынша 2024 жылдың 9 айында 131 дәрігер облыстық медицина ұйымдарына жұмысқа орналасты. Мұның ішінде 69 дәрігер ауылдық жерге жұмысқа жіберілді. Ал мәдениет нысандарын ашу бойынша төрт мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды, - деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Ербол Салықов.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz