11.12.2024, 11:30
Оқылды: 288

Тасқалада ұлттық құрама ойыншысымен кездесу өтті

Бүгін Тасқала аудандық спорт кешенінде футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Олегұлымен кездесу өтті.
Кездесу (10)
Шара аудан прокуратурасының бастамасымен, жастарға психологиялық қолдау көрсету, суицидтің алдын алу және осы мәселеге қатысты ақпарат ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу (1)
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудан прокуроры Алмас Унаев және жергілікті жастар, оқушылар қатысты. Алғашқы сөзді алған аудан прокуроры Алмас Маратұлы, бас прокурордың тапсырмасы бойынша өңірлерде заң мен тәртіп аясында жасөспірімдер, оқушылар мен студенттер арасында кездесулер ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. «Бұл шаралардың басты мақсаты – жастарды ғылымға, спортқа, бизнеске қызықтырып, нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу. Бүгін ауданының мақтанышы, допты жанына серік еткен, өзіміздің аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, футболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Еркін Олегұлын ортамызға шықыртып, өздеріңізбен кездесу ұйымдастырып отырық. Бүгінгі кездесуіміз сәтті өтсін», - деді аудан прокуроры Алмас Маратұлы.
Кездесу (4)
Келесі сөз кезегі футболшы Еркін Тапаловқа берілді. Ол ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде өзінің өмір жолын, спорттағы жетістіктері мен қиындықтарды жастарға қысқаша баяндап өтті. Жастар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Кездесу (2)
Сонымен қатар ол көрермендерге мастер-класс көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу (6)
Кездесу барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева Еркін Олегұлына алғысын білдіріп, аудан әкімі Талғат Шакировтың атынан алғысхат табыстады.
Кездесу (3)
Бұл кездесу жастарға үлкен мотивация беріп, оларды спортқа, әсіресе футболға баулуға серпін берді. Еркін Олегұлының еңбекқорлығы мен жетістіктері жастар үшін үлгі болары сөзсіз.
Болатбек Сапарғалиев
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале