Мерей ауылдық округiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті.
Оған Айнабұлақ және Тоғайлы елді мекенінің де командалары қатысты. Шараның негізгі көздеген мақсаты – бәсеке емес, дене белсенділігін дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сондай-ақ жастарды патриоттыққа тәрбиелей отырып, команда жасақтау болатын.
Қызу да тартысты өткен жарыста жүлделі 1 орынды Мерей орта мектебінің командасы жеңіп алса, 2 орын дәрігерлік амбулатория мен мәдениет, спорт орталығының құрама командасына бұйырды.
Ал жүлделі 3 орынды Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының командасы еншіледі.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы