12.12.2024, 15:30
Оқылды: 193

Қазақстан құрамасы IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті

Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_4872

Суреттер: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:

ІІ орын – Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;

ІІ орын – Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

IMG_4873

Команда жетекшілері:

• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;

• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;

• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

IJSO – 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале