13.12.2024, 15:30
Оқылды: 203

«Қызмет алушылардың құқығын қорғау – басты міндет» – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің атқаратын маңызды функциялардың бірі – қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мен қалпына келтіру. Бұл жұмыс қоғамның мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттыруға және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін жетілдіруге септігін тигізеді, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

ЖП, әкімдік акимат

«Осы орайда, департаментпен денсаулық сақтау саласында №2 қалалық емхананың көрсетілетін қызметіне жүргізілген тексеру барысында бірқатар  заң бұзушылықтар анықталып, медициналық ұйымға бекіту қызметі бойынша 12 қызмет алушының және №6 қалалық емханада 20 қызмет алушының құқықтары қорғалғаны маңызды.

Көп жағдайда қызмет алушылар өз құқықтарын қорғау мақсатында шағымданбайды, бұл болашақта мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және бұзушылықтардың қайталануына әкелуі мүмкін. Шағым жасау – бұл тек жеке азаматтың құқығын қорғау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудың маңызды құралы. Әрбір шағым, әсіресе заңсыз әрекеттерді тіркеу, мемлекеттік органдардың өз міндеттерін дұрыс орындауына әсер етеді. Қызмет алушыларға өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін түсіндіру маңызды. Олар мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның жоғары тұрған мемлекеттік органына жүгіну мүмкіндігі бар екенін білуі қажет. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың жұмысына бақылау жасау мен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін азаматтардың белсенділігі өте маңызды рөл атқарады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін әрбір шағым мен өтініш маңызды. Көрсетілетін қызметтер қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес тиісті сапа деңгейінде ұсынылуы тиіс.

Осы орайда, департамент қызмет алушылардың құқықтарын қорғау арқылы қоғамның сенімін нығайтуға және мемлекет пен азаматтар арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале