13.12.2024, 17:30
Оқылды: 292

Теректіде Нұрболат Исмағұловпен кездесу өтті

Ақжайық ауылындағы Әдебиетшілер үйінде «Nur Er» ат спорттық туристік орталығының құрылтайшысы, Орал қалалық мәслихатының депутаты, жерлесіміз Нұрболат Исмағұловпен кездесу өтті.

ИСМАГУЛОВ

Теректідегі балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі Үміткер Орынғалиевтің «Жарқын жүздесу» жобасына қонақ боп келген халық қалаулысы тек сұрақтарға ғана жауап беріп қоймады.

Кездесу аяқтала сала депутат дәл қазіргі уақытта мерзімді басылымдарға жазылу науқаны жүріп жатқандығын тілге тиек қылды.

Айтып қана қойған жоқ, Ақжайық ауылындағы «Қазпошта» бөлімшесіне арнайы барып, ауылдағы 10 ардагерге аудандық «Теректі жаңалығы» газетіне өз қаражаты есебінен жаздырып берді.

Мәрттік пе?! Әрине!

Енді Ақжайықтағы он үйге аудандағы ақжолтай хабар өзі-ақ барады. Ол үшін ұлттық спортты дамытып жүрген атымтай Нұрболат Исмағұловқа алғыс білдіреміз!

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале