13.12.2024, 17:45
Оқылды: 168

Казталовта үздік атбегілер марапатталды

Киелі Казталов – қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасқан ат баптау тарихын, оның атадан балаға мұра болған дәстүрлі атбегілік өнерін көрсетіп, ұлттық спортымыздың қарқынды дамуына елеулі үлес қосып жүрген аудан. Бабадан қалған өнерді жалғап, ат спортына өзіндік үлестерін қоса білген азаматтардың қатары ауданымызда жылдан-жылға көбейіп келеді.

FB_IMG_1734089160535

Осы ретте жылдағы дәстүр бойынша Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, Казталов аудандық «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық спорттың  қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ауданымыздағы атбегілер, шабандоздар мен сала ардагерлерінің үздіктері марапатталды.

FB_IMG_1734089164795

Іс-шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев:

– Қайырлы күн, ауданымыздың жүйрік аттарының жанашырлары! Баршаңыз бүгінгі ауданымыздың атбегілерінің қорытынды кешіне қош келдіңіздер! Бұл күн – халқымыздың дәстүрін дәріптеп, жыл бойы жемісті еңбек еткен атбегілеріміздің жетістігін бағалап, қазақ жылқысының мәртебесін тағы бір айшықтайтын күн. Жылқы – бұл қазақтың жаны, рухы, мақтанышы, тірегі. Атбегілік – қазақтың кәсібі ғана емес, ұлттық салт-дәстүрі, өнері. Осынау ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жыл бойына қажырлы еңбек етіп, ауданымыздың ұлттық спортын дамытуға еңбек етіп жүрген өздеріңізді мерекемен құттықтай отырып, атқарған еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Аудан әкімі Асыланбек Ахметоллаұлының атынан алдағы келе жатырған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болып, көк туымыз желбірей берсін! Ауданымыздың ұлттық спорты дами берсін! Өздеріңіздің баптап, баулып отырған тұлпарларыңыз тек жеңіс тұғырынан көрінсін!, -деді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы, Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Сергейұлы бүгінгі шараның төрінен табылған аламанның алдын, бәйгенің басын бермей жүрген жас шабандоздарымыз бен ат құлағында ойнап, өзінен кейін шәкірт тәрбиелеген жетекшілерін ұлықтады.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале