14.12.2024, 15:00
Оқылды: 30

Бөрлі ауданы: Облавка ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Бумакөл ауылдық округіне қарасты Облавка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны 160 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы.

IMG_20241214_094459

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды. Аталған медициналық пукттің мердігері - «Уральскстройинвест» ЖШС.

Бұған дейін медициналық пункт өткен ғасырдың ортасында салынған ғимаратта орналасқан болатын. Қазіргі жаңа ғимараттың ауданы - 155 ш.м.

Ғимаратта дәрігерге дейінгі, процедуралық, физиотерапиялық кабинеттер, медбикенің қабылдау бөлмесі және техникалық үй-жайлар бар. Медициналық пункт өз деңгейіне қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Штатта медбике, техникалық қызметкер, күзетші және екі қазандық операторы бар.

IMG_20241214_100758

Медбике Гүлнар Темерғалиеваның жалпы еңбек өтілі 39 жыл болса, оның 35 жылын Облавкада жұмыс істеген.

– Ауылымызда ересек тұрғындар саны 228 адамды құрайды. Бір жасқа дейінгі 2 бала, 14 жасқа дейінгі 48 бала бар. Қазіргі уақытта есепте тұрған жүкті әйелдер жоқ. Медициналық пунктте біз қабылдауларды, тексерулерді және функционалдық міндеттерімізге кіретін процедураларды жүргіземіз, - деп бөлісті Гүлнар Темірғалиқызы.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мұқтар Нұрмақов сөз сөйледі.

IMG_20241214_100333

– Ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және көптен күткен оқиға – жаңа медициналық пункттің пайдалануға берілуімен құттықтаймын! Жаңа нысан тұрғындар игілігіне жұмыс істесін! Баршамызға бақыт, сәттілік және аспанымыз тыныш болсын, - деді аудан басшысының орынбасары.

IMG_20241214_093556

Ауыл тұрғындары атынан Облавка тұрғыны Мейрам Татаев сөз сөйледі.

IMG_20241214_093707

IMG_20241214_094330

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале