16.12.2024, 23:17
Оқылды: 44

Теректіде жас дарындарға қолдау бар

Теректі ауданының намысын, өңір абыройын, елдің атын қорғап жүрген дарындарды Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова әрдайым елеп-ескеруді, оларды қолдауды ұмыт қалдырмайды.

FB_IMG_1734346251619

Бұл сөзімізге дәлел де, дәйек те жетерлік. Бір ғана «Телқоңыр» ансамблінің додаларға алаңсыз барып, жүлдемен оралуы, байқауларға мығым дайындалып, еш кедергісіз шет елдерге сапарлатуы қолдау емей, немене?!

Міне, Әлия Биғазықызы Мәскеуде өткен халықаралық «Jas tolqyn» жас таланттар конкурсының жеңімпазы атанған «Телқоңыр» ансамблін қабылдап, мерейді үстем еткен жеңістерімен құттықтады.

FB_IMG_1734346264767

Бұл ортадан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев һәм аудандық саз мектебінің директоры Азамат Қалиев те табылды.

Иә, бұлисі қазақ үшін ортақ қуаныш! Ансамбль жетекшісі Дәурен Жұмағалиев аталған байқау туралы толығырақ тарқатып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылармен бір сахнада өнер көрсеткендегі жас таланттардың әсерін жеткізді.

Айта кету керек, аудан басшысы «Телқоңырдың» байқаудың республикалық деңгейінде бас жүлдені қанжығаға байлаған уақытында қабылдап, қандай қолдау керектігін сұраған еді. Сонда жас дәстүрлі әншілерге сахналық киімнің қажеттілігі туралы сөз болды.

Әлия Мұханбетжанова мұны дереу қолға алып, «Мәскеуге жаңа киіммен барасыздар» деген уәдесін берді. Айтқандай, олар халықаралық байқауда аудан әкімінің қолдауы арқасында жаңа киіммен өнер көрсетті.

FB_IMG_1734346249105

Қабылдау соңында аудан басшысы ансамбль мүшелеріне алғысхат табыстап, естелік сыйлық ұсынды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале