Тәуелсіздік таңы атқалы біздің ауылымызға көп өзгеріс енді. 1996 жылы ауыл мектебінде қазақ сыныбы ашылды. Бүгінде орта мектепте оқитын 84 оқушының 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде білім алып жатыр.
Ірге тасы 1936 жылы қаланған ауылымыз 2004 жылға дейін Цыганов болып аталып келді. Айнала егістік және ауылдың маңында судың мол қоры бар бұлақ болуы себепті Егіндібұлақ атанғанына биыл 20 жыл толды.
Егемендіктің 33 жылы ішінде ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында да көп іс атқарылды. Сапалы ауыз су, газ тартылды. Жоғары сапалы ұялы байланыс пен интернет орнатылды. Ауылды аудан орталығымен байланыстыратын 40 шақырымға жуық күре жол күрделі жөндеуден өтті.
Егіндібұлақтағы медпункт, мектеп, мәдениет үйі жаңа кейіпке енді. Сонымен қатар су тасқыны кезінде төнетін қауіпті алдын алу үшін бөгет мықтап жөнделіп, пайдалануға берілді.
Егіндібұлақтықтар асық ату арқан тарту, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, құмай тазы жарысы секілді ұлттық спорт түрдерінің дамуына өз үлестерін қосып, бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтайтабыстарға қол жеткізіп жүр.
Елімізге, соны ішінде облыс, аудан және өзіміздің ауылымызға тың серпін сыйлаған Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Данагүл Алхамова
Егіндібұлақ ауылы