Тәуелсіздік мерекесі күні Чехиядан ақжолтай хабар жетті. 6-16 желтоқсан күндері Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен Чехия мемлекетінің Прага қаласында тоғызқұмалақтан 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өткен болатын.
Онда Чехия, Испания, Венгрия, Польша, Қазақстан елдерінің спортшылары сынға түсті. Нәтижесінде ҚР жасөспірімдер құрама командасынан қатысқан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасынан жерлесіміз Нұрәлі Арматұлы күміс жүлдегер атанды.
Ол күні бүгінде төл ойынымыздан ҚР жасөспірімдер чемпионатының үш мәрте жеңімпазы. Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Болашағынан зор үміт күтетін жас спортшымыздың жеке бапкері, аудандағы аға, жоғары санатты жаттықтырушы – Қайрат Маратұлы.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы