ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Болат Танабергеновтің айтуынша, 2023 жылы тұтынушылардан келіп түскен шағымдар саны 50 мыңға жетсе, осы жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 56 мыңнан асты.

Сурет: ОКҚ
«Салалық мемлекеттік органдарда және ЖАО да осындай шағымдардың өсуі байқалады, осы жылдың 9 айында 115 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Ұқсас жағдай тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне шағымдардың түсуімен байқалады, бұл экономиканың жекелеген салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетеді. Осы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны бөлшек сауда, электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер салаларында байқалады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.