Орал қаласында футзалдан «Тәуелсіздік кубогі» ашық қалалық турнирі өтті. Оған сегіз команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде Жәнібек ауданы (6:0) Теректі ауданын, Жәнібек ауданы (12:0) Легион 2 командасын, Жәнібек ауданы (10:0) Ақжайық ауданын, Жәнібек ауданы (5:2) Круглоозерное командасын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды.
«Үздік шабуылшы» Мадияр Есенов танылса, «Үздік ойыншы» аталымын Есімжан Есімғали жеңіп алды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы