18.12.2024, 15:45
Оқылды: 38

Жәнібекке гуманитарлық көмек жеткізілді

«Республика» партиясының облыстық филиалы «АгроСервис-Батыс» ЖШС басшысы, Бәйтерек аудандық мәслихатының депутаты Армат Бисеновтің қолдауымен ауданға гуманитарлық көмек ұйымдастырылып, 30 тонна жемдік арпа жөнелтті. Көлік шығындарын мемлекет төледі.

470669674_1173473851448954_6884084564267139415_n

Өздеріңізге мәлім, ауданда төтенше жағдай жарияланған. Негізгі себеп құрғақшылық және ақбөкендердің басып алуы болды. Мемлекет шаруаларға басқа өңірлерден шөп жеткізгені үшін көлік шығынын өтеу, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсіруге субсидия төлеу арқылы көмектесіп жатыр.

​– Биыл өздеріңіз білетіндей, облыстың бірқатар ауданында мал азығын сатып алуда күрделі жағдай қалыптасқан. Осы орайда партиямыздың мүшесі, «АгроСервис-Батыс» ЖШС басшысы Армат Бисенов демеуші болып, Жәнібек ауданына 30 тоннадан астам астық бөлді. Тоғыз ауылдық округтің барлығын қамту жоспарланып отыр. Астық тиеген көліктер ауданда екі күн болады. Осы уақыт аралығында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен мұқтаж жандарға азық-түлік таратылады, - деді «Республика» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дулат Мақатов.

Армат Бисенов биыл барлық шаруалар үшін қиын болғанын баса айтты.

Біздің әріптестеріміз мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер ақбөкен басқыншылығынан зардап шекті. Шөп пен астықтың бағасы күрт өсті. Биылғы жыл біз үшін аса қолайлы болмаса да мен және әріптестерім шетте қалмай, көмектесуді жөн көрдік. Осылайша біз аймақтағы барлық кәсіпкерді зардап шеккен аудандарға көмек көрсетуге ынталандырғымыз келеді», - деп түсіндірді Армат Бисенов.

Қазіргі таңда әр ауылдық округке 3 тонна 300 келі жем азығы бөлінді. Тау ауылдық округінде тізім бойынша аз қамтылған отбасы және жалғыз басты зейнеткерлерге үлестіріліп жатыр.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале