Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында әйел құқығы мен бала қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп келеді. Сол себептен де әр өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Отбасын қолдау орталығын ашу жұмысы да тапсырылған болатын.

Мұндағы басты мақсат – зардап шеккендерге қолдау көрсету, отбасын сақтау. Осыған орай алдағы жылы Тасқала ауданында ашылатын орталықтың жұмысы бойынша мобильді топ құрылып, оның мүшелерімен жиын өткізілді.
Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланды.

Иә, қашан да ел іргетасы отбасынан басталады. Тұрғыны көп, отбасы жоқ елдің ертеңі де күнгірт болмақ.

Сондықтан зорлық-зомбылыққа жол бермей, қандай жағдай болса да отбасын сақтап қалу әр адамның өз қолында екенін ұмытпағанымыз абзал.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы