19.12.2024, 14:45
Оқылды: 109

Жәнібекте жылдың үздік жастары кімдер?

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Жыл үздігі-2024» жастар сыйлығын табыстау кеші өтті.
image-19-12-24-01-42
Кеш барысында толайым табыстарға жеткен үздіктер, жастар сыйлығына ұсынылған он үш аталым бойынша мықтылар анықталды.
Жастардың мәртебесін асырған шырайлы шарада аудандык мәслихат төрағасы Тахир Қадимов сөз алып, ел үшін, аудан үшін өз үлестерін қосып жүрген жастардың жұмысына толайым табыс тілеп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
image-19-12-24-01-42-2
Әрмен қарай ол елге жомарттықтарымен танылған, қоғамның қайырымды болуына өз үлестерін қоскан мейірбан жандарға «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстады.
Аталған аталымға Тау ауылдық округіндегі «Сағын» шаруа қожалығының жетекшісі Азамат Бимұқанов, Борсы ауылындағы «Кұзайыр» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Жалғас Құзайыров, Күйгенкөл ауылының жанашыр азаматы Неғымет Қожекенов пен Жақсыбай ауылының 2004 жылғы мектеп түлектері ие болды. Содан соң бірнеше мәрте ұйымдастырылған жыл белесінде талантымен топ жарып, еселі істерімен, ізденістерімен ерекшеленген, ауданымыздың тыныс-тіршілігін түлетуге ауқымды үлестерін қосып жүрген жастар анықталып, марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік жас ұстаз» аталымымен №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Әмір Садиров, «Үздік жас тәрбиеші» аталымымен «Алтын ұя» бөбекжайының тәрбиешісі Айдана Кенжеғалиева, «Үздік жас медицина қызметкері» аталымымен аудандық аурухана бөлімінің медбикесі Әсем Кенжәлиева, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» аталымымен Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Елдос Мақсотов, «Үздік жас кәсіпкер» аталымымен Елдос Сағадатов, «Үздік жас полиция қызметкері» аталымымен аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы, полиция майоры Әділет Әбуов, «Үздік жас шекарашы» аталымымен Жақсыбай ауылындағы Хаби Хайлуллин атындағы шекара бөлімшесінің аға барлаушысы Дастан Үмбетқалиев, «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» аталымымен аудандық мансап орталығының маманы Нәзерке Нұралиева, «Үздік жас өнерпаз» аталымымен аудандық мәдениет үйінің әдіскері Анаргүл Молдашева, «Бұлақ көрсең – көзін аш» дипломанты аталымымен Жақсыбай ауылдық саз мектебінің мұғалімі Ерданат Серіков, «Үздік жас спортшы» аталымымен Ұзынкөл ауылының спорт нұсқаушысы Миржан Жұматов, «Болашақ әлем чемпионы» дипломант аталымымен Т.Жароков атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Даниял Жұматов, «Үздік жастар нұсқаушысы» аталымымен Тау ауылдық округінің жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Рысгүл Байбозова, «Үздік жас кітапханашы» аталымымен Қамысты ауылдық модульді кітапханасының кітапханашысы Айна Абулкәрімова, «Үздік мектеп көшбасшысы» аталымымен Ұзынкөл орта мектебінің парламент жетекшісі Рәзия Серік марапатталды.
image-19-12-24-01-42-4
Сонымен қатар шарада аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатымен ауданымызда әр салада жүрген бір топ жас марапатталды.
Кеш барысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Меңдіхан Халихан көрерменді сергітіп білім деңгейін тексеру мақсатында LED-экраннан Quiz ойынын өткізді. Залда отырған жастар белсене қатысып, сыйлықтарға ие болды.
image-19-12-24-01-42-3
Аудан көркемөнерпаздары, соның ішінде Шынар Каюпова, Асылан Боранбаев, Айшат Хамзина, Алма Жанай, Қуаныш Аждуов дуэт, квартет болып ән шырқаса, «Ақмаржан» халықтық би ансамблі мен «Көзайым» би тобы заманауи билер биледі. Сонымен қатар жайдарман ойынан үзінді көрсетілді.
Шара ауданның Гимніне айналған «Жәнібегім» әнімен қортындыланды.
Бану Самат
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале