19.12.2024, 16:30
Оқылды: 162

Қазақстанның 400-ге жуық дипломаты сирек тілдерді меңгерген

Еліміздің 400-ге жуық дипломаты сирек тілдерді меңгерген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

IMG_5609

Сурет: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

– Қазіргі кезде Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында 139 адам сирек тілдерді меңгерген, ал шетелдегі өкілдіктерімізде сирек тілдерді білетін дипломаттардың саны 234-ке жетті. Атап айтқанда, сирек тілдер тізімі Сыртқы істер министрінің бұйрығымен бекітіледі. Осы тізімге 23 тіл қосылды, - деді Ә. Бақаев депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды.

Құжат аясында дипломатиялық қызметшілердің шет тілдерін білгені үшін төлемдерді өзгерту ескерілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дипломатиялық қызметке кіру кезінде шет тілдерді білу міндетті, сондықтан төлемдер сирек тілдерді білгені үшін ғана жүзеге асырылады. Бұл өзгеріс те республикалық бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале