20.12.2024, 11:15
Оқылды: 249

БҚО-да қос ауылда жаңа кітапхана ашылды

Кейінгі жылдары Қазақстан кітапханалары заманауи стандарттарға сай жаңғыртылуда. Бәйтерек ауданы да бұл бастамадан қалыс қалған жоқ. Биыл ауданның мәдени өмірі маңызды жаңалықтармен толықты. Тәуелсіздік күні қарсаңында Дариян ауылында балаларға арналған үлгілік ауыл кітапханасы ашылды. Ал Переметный ауылындағы кітап үйі модернизацияланып, мереке қарсаңында әдебиетсүйер қауымға есігін айқара ашты. Кітапханалардың ашылу салтанатына облыс  әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысты.

470593523_3879483082368661_2569453279944760039_n

Батыс Қазақстан облысы кітапханаларды жаңғырту мен олардың қызмет көрсету стандарттарын жақсарту бойынша алдыңғы қатарда екенін мақтанышпен айтуға болады. «Жаңа клуб» жобасы – осының жарқын мысалы. Бұл жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда облыстың 12 аудандық кітапханасы модернизациялануда. Бұл – елімізде алғаш рет жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобалардың бірі. Тәуелсіздік күнінен  бастап Наурыз мейрамына дейін облыстық әкімдік пен «Тана» қорының ұйымдастыруымен 25 кітапха-наны жаңғырту жоспарлануда. Оның бесеуі – Бәйтерек ауданына тиесілі. Бұл жобаның жүзеге асыры-луына атсалысқан «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевке алғысымды білдіремін, – деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төре­ғалиев.

Алматыдағы кітапханаларды жаңғырту жобасын сәтті аяқтаған мамандар енді Батыс Қазақстан облысын таңдап, бұл аймақтағы әкімдіктің белсенді қолдауына жоғары баға берді.

– Бұл – ауқымды пилоттық жо­ба енді Батыс Қазақстан об­лы­сында жүзеге асуда. Қазір мұндай жоба басқа өңірлерде жоқ.  «Тана» қоры жобаны үйлестіруші және ба-стапқы идея ауторы болып табылады. 2017 жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Жобаның бас серіктесі – «Қазақстан халқына» қоры, ал жөндеу жұмыстары үшін жауапты – облыс әкімдігі. Біз мәдени бағдарламаларды дайындау, кітапханашыларды оқыту және жаңа шаралар ұйымдастыру сияқты жұмыстарды қолға ал-дық. Себебі жаңғырту тек ғимарат жөндеумен шектелмейді, – деді «Тана» қоғамдық қорының жетекшісі Камила Лұқпанова.

Салтанатты іс-шарада жоба бастамашылары алдағы жоспарларымен бөлісіп, оны елдің әр өңіріне енгізу көзделіп отырғанын айтты.

– Бүгінгі кітапханашы тек кітапханашы болып қалмай, менеджер, ұйымдастырушы болуы  тиіс. Жай ғана оқу залдары  жеткіліксіз, қызықты әрі тартымды іс-шаралар ұйымдасты­ру қажет. Біз сіздердің аймақтарыңызды кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Мұнда жобаның сәтті іске асуына барлық алғышарттар бар, – деді «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Жаңғыртылған кітапханаларда заманауи жиһаз, үстел ойындары, музыкалық аспаптар мен басқа да құралдар алынып, жаңа мүмкіндіктер жасалған. Клубтар мен үйірмелер саны көбейіп, кітапхана білім мен шығармашылықты дамыту орталығына айналуда.

Екі ауылдағы жаңғыртылған кітапхана қорына 800 жаңа кітап қосылды. Жаңа әдебиеттер қазақстандық және шетелдік ауторлардың ең үздік туындыларын қамтиды. Оған 68 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл кітапханалар тек кітап оқуға ғана емес, жастардың көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық қабілет-терін шыңдауға және жаңа жобалар мен идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Республикалық жобаға қатысушылар мен қонақтар жаңғыртылған кітапханалардың ауыл тұрғындарына сапалы қызмет ететініне сенім білдіріп, жобаға табыс тіледі.

Жанерке Мерекеқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале