20.12.2024, 23:00
Оқылды: 24

Казталовта аудандық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының кезекті XXV сессиясы өтті.

IMG20241220100618

Сессия жұмысына Казталов аудандық мәслихатының төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық жасап, оған Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Кезекті сессияның күн тәртібінде бірінші кезекте Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың ауданда жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Әкімнің есебіне қатысты депутаттар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

IMG20241220100626

Сонымен қатар сессияда ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнұр Мусинаның, аудандық мәслихаттың 2023 жылы 27 желтоқсандағы №12-17 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде аудандық мәслихаттың бас маманы Бекқали Мусиннің, Казталов ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнінде жоспарды бекіту туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмухамбетовтың хабарламасы тыңдалып, басқа да мәселелер талқыланды.

Сессия күн тәрбінде тыңдалған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдап, дауыс берді.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале