Жуырда «Жомарт жан-2024» қайырымдылық кеші өтті. Оған көктемгі тасқынмен күресте белсенділік танытқандар, игі іс атқарғандар, өңіріміздің дамуына үлес қосып, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы белсенділігі үшін көптеген адамдарға қуаныш сыйлап, қайырымдылық жасап жүрген жандар қатысты.

Жаңақала ауданынан елге сыйлы, халыққа үнемі көмегін көрсетіп жүретін жандардың бірі – Қуаныш Сапаров облыс әкімінің алғысхат және төсбелгісімен марпатталды.

Алдағы уақытта да атқарар игі істеріңіз молынан болсын демекпіз.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы