23.12.2024, 10:30
Оқылды: 213

Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді

2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

IMG_5880

Сурет: Olympic.kz

19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале