23.12.2024, 9:30
Оқылды: 279

Аяз ата әлеуметтік желіде парақша ашты

Өскемен қаласында Аяз атаның әлеуметтік желідегі парақшасы ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

IMG_5881

Сурет: pexels.com

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Аяз атаның жеке сайты, электронды поштасы мен әлеуметтік желідегі жеке парақшасы ашылған. Ондағы мақсат — балаларға Жаңа жыл мерекесінде Аяз атаға хат жазып, өз тілектерін жазуына мүмкіндік жасау.

2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін Өскемен тұрғындары мен қонақтары Аяз атаға хаттарды келесі әдістер арқылы қалдыра алады:

Телеграмм: t.me/aiazata_vko
Инстаграмм: /aiazata.vko
Электронды пошта: ata.aiaz@yandex.kz
Сайт: aiazata.kz

Сондай-ақ, қаладағы Сол жағалау саябағындағы Аяз ата резиденциясына барып та хат қалдыруға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале